Алматы полициясы кәсіпкер Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады

Алматының тәртіп сақшылары танымал кәсіпкер Азамат Доланбаевты іздестіріп жатыр. 

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция департаментінің мәліметінше, ол адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінген.

«Медеу аудандық полиция басқармасы Д .есімді азаматты іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады», - деп хабарлады департаменттен.

Қазіргі уақытта полиция күдіктінің тұрған жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты