Алматы полициясы әуежай аумағындағы тәртіпті бақылауда ұстайды

Алматы қаласының полициясы Алматы әуежайындағы тәртіпті өз деңгейінде бақылауда ұстайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақорда

Алматы, NEGE. Алматы халықаралық әуежайында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке такси жүргізушілерінің Алматы қаласына келген азаматтардың мазасын алу дерегінің жолын кесу мақсатында күн сайын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілікке кіріседі.

– Алматы қалалық халықаралық әуежайы – қаланың көрікті жерлерінің бірі. Сондықтан оның аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері аталған салада ҚР ӘҚбК-нің 449-бабының нормаларын бұзу бойынша 124 дерек, сондай-ақ ҚР ӘҚбК-нің 163-бабы бойынша 13 дерек анықталды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзған мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақыт Мырзағали.

Сондай-ақ оның айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – олардың тарапынан азаматтар мен шетелдіктерге қатысты заңсыз әрекеттердің алдын алу.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды