«Алматы-Өскемен» автожолында әскери техника жол апатына ұшырады

«Алматы-Өскемен» автожолында тралдан екі әскери техника құлаған, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

ҚазАвтоЖол

Алматы, NEGE. Жол апаты 15 қаңтар күні, сағат 13:40 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 56 шақырымында, Заречный ауылы маңында болған.

Нақтырақ айтқанда, «Цзефан» автокөлігінің тралынан екі әскери техника түсіп кетіп, жолда аударылып, артынша полицияның «Ssang Yong Actyon» автокөлігімен соқтығысты.

Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек