Алматы – Ош бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Қазақстаннан Қырғызстанға жаңа әуе бағыты ашылады, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Көлік министрлігі

Алматы, NEGE. Министрлік тұрақты негізде қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің ұшу географиясын кеңейту және олардың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

28 мамырдан бастап "Эйр Астана" қазақстандық әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр."Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастық дамуына ықпал етеді деп күтілуде", - делінген министрлік хабарламасында.

Рейстер аптасына 4 рет орындалады (сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі).Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 7-ден 11-ге дейін артады.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады