Алматы облысының тұрғыны ауылдасының құны 12 млн теңге болатын жылқыларын ұрлап кеткен

Алматы облысында полиция жайылымнан 14 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға 7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды.

– Келтірілген шығын 12 миллион теңге болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктінің жеке басын анықтды, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

– Күдікті ұрланған жылқылардың бір бөлігін сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың қалғаны қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде, – деп толықтырды А.Данияр.

Күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау шарасын белгіледі. Полиция ер адамның осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы