Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Көкшетау қалалық сотында бүйрегін сатуға оқталған 34 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

depositphotos.com

Астана, NEGE. Сот мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сату жөнінде хабарландыру жариялаған.

Хабарландыру жарияланғаннан кейін Ж. есімді азаматқа көкшетаулық тұрғыннан ұсыныс түскен. Сатып алушы заңсыз мәмілені әшкерелеу үшін полицияға ерікті түрде көмекші болып шыққан.

Ақпанда Ж. медициналық тексеруден өту және мәміле жасау үшін Көкшетау қаласына келген.  Жалған сатып алушыдан ақшаның бір бөлігін алу кезінде оны полиция қызметкерлері ұстаған.

«Сотта Ж. өз кінәсін мойындап, бүйрегін сату туралы хабарландыруды материалдық қиындықтарға және алимент бойынша берешегінің болуына байланысты жариялағанын түсіндірді.

 

Жаза тағайында кезінде сот Ж.-ның жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінуін, алименттік міндеттемелер бойынша берешегінің болуына байланысты ауыр материалдық жағдайын, сондай-ақ қылмыстың ауыр зардаптарға әкеп соқпауын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді», – делінген хабарламада.

Сот үкімімен Алматы облысының тұрғынына 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде Жақсылық Омардың ісі бойынша сот отырысы басталады

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды