Алматы облысының тауларында құрғақ шөп өртеніп жатыр

Бүгін Алматы облысының 112 ТЖД пультіне Алматы облысының Қарасай ауданында, таулы жерлерде, Долан ауылының маңында құрғақ шөптер мен бұталардың өртенуі тіркелгені туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қаласы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам адамы және 20-дан астам техникасы тартылды.

 ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы қазір су төгетін құрылғыдан су шашып жатыр.

Сөндіруге таулы аймақ, кіреберіс жолдардың жоқтығы, биік шөп және бұталар кедергі келтіріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?