Алматы облысының екі ауылына жер сілкінісі сезілді

2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған