Алматы облысының спорт басқармасының басшысы қызметіне Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасы мақұлданды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасына келісім берді.

Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?