Алматы облысының тауларында адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды

ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын тапты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданында таулы жерлерде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.