Алматы облысындағы мешіттен өрт шықты

Алматы облысы Қарасай ауданы Еңбекші ауылының Асыл ата мешітінде өрт шықты.

ТЖД

Алматы, NEGE. Оқиға 9 ақпанда  болды. 50 шаршы метр алаңдағы мешітте жиһаз және шаруашылық заттар өртенген.

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.