Алматы облысындағы демалыс аумағында контейнер өртенді

2024 жылғы 28 ақпанда сағат 13:48-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданының Байсерке ауылында «Африка» демалыс аймағының аумағында жалпы ауданы 66 шаршы метр болатын контейнердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу шықты. Ең жақын өрт сөндіру бөлімшесінен қашықтық – 15 шақырым, облысы орталығы Қонаев қаласынан қашықтық – 46 шақырым.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 14:29-да оқшауланып, сағат 14:34-те жойылды.
Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт салдарынан 1969 және 1978 жылы туған екі азамат орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Байдың балаларын полициядағы лауазымды тұлғалар қорғаштайды – депутат

Алатау қаласы туралы Конституциялық заң қабылданды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?

Астаналық жігіт елді әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып алдаған