Алматы облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды

Алматы – Бішкек тасжолында жол апатынан 6 адам көз жұмды.

Gov.kz

Астана, NEGE.  Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы –Бішкек автожолының 65-шақырымында болған.

Алдын ала деректер бойынша, 23 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota маркалы автомобильмен соқтығысқан. Екі жүргізуші және үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

«Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды. Бұдан бөлек, бес жолаушы әртүрлі жарақат алып, дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады ДП баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек