Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысының Күш ауылында үш жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. 17 наурыз күні түстен кейін қыздың анасы полицияға хабарласып, баланың үйден шығып кеткенін және оралмағанын хабарлаған. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Еңбекшіқазақ ауданында арнайы іздестіру тобы құрылды.

Кішкентай қызды іздеуге 300 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар арнайы үйретілген иттер арқылы да ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады