Алматы облысында жоғалып кеткен туристер табылды

Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз бетінше таудан түсе алмай қалған.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы қараңғы түсіп және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан, туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, қауіпсіз жерге алып барды.

Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады