Алматы облысында жоғалып кеткен турист 3 күннен соң табылды

1982 жылғы азамат тауға шығып, артынша хабар-ошарсыз кеткен.

Pinterest.com

Алматы, NEGE. Туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. Жедел-құтқару жасағының мамандары іздеу шараларына кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жұмылдырған.

Алғашқы екі күнде 21 орын зерттеліп, ең танымал туристік маршруттардағы шыңдар, шатқалдар мен асулар тексерілген.

Үшінші күні ғана тікұшақтың көмегімен 2970 метр биіктікте «Сол Талғар» шатқалындағы күркеден тапты. Турист дін аман, оған медициналық көмек қажет болмады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр