Алматы облысында жеті жасөспірім 7-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында 7-сынып оқушысына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық дерегі бойынша түсінік берді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, күдікті ретінде жеті кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.

– Алматы облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық әрекеттері бойынша түсіп жатқан сұрақтарға байланысты мынаны хабарлаймын: жеті жасөспірім анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді ол.

Зәкиева сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және психологиялық қолдау орталығының мамандары дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр