Алматы облысында жер үй өртеніп, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті

Алматы облысында Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында өрт шығып, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті.

ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын шаруашылық ғимараттары өрттен зардап шекті.

«Өрт туралы ақпарат кеш хабарланғандықтан, жалын тез тараған», – дейді ТЖМ құтқарушылары.

Төтенше жағдайды жоюға қою түтін және үйдің қамыс қапталған каркас қабырғалары кедергі болған. Сонымен қатар, үйлердің бір-біріне өте жақын орналасуы (ара қашықтық небары 1,5-2 метр) мен тар көшелер де қиындық тудырған. Жанып жатқан үйден әйел мен оның сәбиінің мәйіті табылды, күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Өрт 448 шаршы метр аумақты шарпыған. Ошақтан 4 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр