27 мая 2025 г. 4:30
Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соқтығысты
Достық – Бескөл учаскесіндегі теміржол өткелінде жеңіл автокөлік жүргізушісі келе жатқан пойыздың алдына шығып кетіп, жол-көлік оқиғасы болды.
Алматы, NEGE. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 26 мамыр күні сағат 12:57-де Достық – Бескөл учаскесіндегі қараусыз өткелде жеңіл автокөлік рельске кенеттен шығып кеткен. Машинист шұғыл тежесе де, аварияның алдын алу мүмкін болмаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Десе де оқыс жағдай пойыздың уақытылы қозғалысына кедергі келтірген.