Алматы облысында жеңіл атлетикадан дәстүрлі Қосанов турнирі өтеді

Алматы облысында орналасқан Олимпиадаға дайындау орталығының стадионында жеңіл атлетикадан Qosanov Memorial халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Турнир 22-23 маусым аралығыда ұйымдастырылады.

Халықаралық жарысқа Қазақстан командасы үздіктерінің басым бөлігі қатысады. Одан бөлек, 17 мемлекеттен келген 300 спортшы өзара мықтыны анықтамақ.

Атап айтар болсақ, Әзербайжан, Қытай, Эфиопия, Грузия, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Малайзия, Филиппин, Катар, Сингапур, Таиланд, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан.

Аталған жарыс әлемдік жеңіл атлетика күнтізбесінде қола мәртебеге ие.

Турнир Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алу мақсатында өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді