Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті

Алматы облысының Есік қаласында жедел жәрдем көлігі жолды кесіп өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті.

kris_p_almaty_official

Алматы, NEGE. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті.

Алматы облыстық полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«12 қыркүйекте жедел жәрдем жүргізушісі Есік қаласындағы Алтын Адам Аллеясы көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткені анықталды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?