Алматы облысында зейнеткерді итеріп жіберген полицей жазаға тартылуы мүмкін

Алматы облысында 77 жастағы зейнеткерді пәтерінен шығару кезінде оны итеріп жіберген полицей жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Полиция

Алматы, NEGE. Жетпістен асқан зейнеткерді пәтерінен шығару процесіне мемлекеттік органдардың өкілдері мен сот орындаушылары қатысқан. Полицияның айтуынша, әйел адам мемлекеттік қызметкерлердің заңды талабына бағынбай, қақтығыс туындаған.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан полицейдің зейнеткерді қатты итеріп жібергені анық көрінеді. Салдарынан әйел баспалдақтың тұтқасына соғылып, бірнеше қабырғасын сындырып алған. Қазір бұл жағдай бойынша тергеу жүріп жатыр.

"Әйел адам мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талабына бағынудан бас тартқан, сол себепті жанжал туындады. Дегенмен, полицейдің тарапынан орын алған дөрекі әрекет – мүлде жол берілмейтін іс. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Тексеру барысы менің жеке бақылауымда", – деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды