Алматы облысында вейп сатумен айналысқан ер адам анықталды

Алматы облысында вейп сатумен айналысқан ер адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

Алматы, NEGE. Алматы облысы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы telegram мессенджері арқылы темекі өнімдері мен электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сатудың анықталғанын хабарлады.

Мониторинг жүргізу барысында құқық қорғау органдары тыйым салынған өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан Қонаев қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша облыс орталығының полициясында қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ