Алматы облысында тұрғынды қомақты қаржыға алдап соққан күдікті ұсталды

Алматы облысында тұрғыннан 13 млн теңге алдап алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Құқық қорғау органдары алаяқтық фактісі бойынша 31 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және полиция бөліміне жеткізді. Тергеудің басталуына Исаев ауылы тұрғынының арызы негіз болды.

Жәбірленушінің айтуынша, биылғы сәуір айында ол өзін жер телімінің иесі ретінде таныстырған бейтаныс адамға 13 миллион теңге көлемінде ақша берген. Күдікті учаскені ресми түрде рәсімдеп беремін деп уәде етіп, кейін хабарсыз кеткен.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған