Алматы облысында тұрғын үйді жеңілдікпен алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Алматы облысында тұрғын үйді жеңілдікпен алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Осы жылдың 4 маусым күні Іле ауданының полиция басқармасына Боралдай кентінің 36 жастағы тұрғыны ақпан айында алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам тұрғын үйді жеңілдікпен алып беремін деп сеніміне кіріп алаяқтық жолмен үш миллион теңгеге жуық ақшаны иемденген. Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық істі тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдікті 23 жастағы жас жігітті анықтап, ұстаған. Тергеу әрекеттері барысында ұсталған азаматтың тағы бір ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Автокөлікті сату сылтауымен ол 27 жастағы Покровка ауылының тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасаған.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады