Алматы облысында сот орындаушысы балалардың алиментін ұрлаған

Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы алимент жымқырып келген, деп хабарлады прокуратура.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көрсетілген уақыт ішінде баланы асырауға сот орындаушысының арнайы шотына борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған. Сот орындаушысы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған.

«Бұл ретте, алимент аударушының адалдығына қарамастан, сот орындаушысы борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұруға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдады. Сот орындаушысының жоғарыда аталған заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттерден айырылды. Облыс прокуратурасы жолдаған материалдар бойынша полиция Департаменті сот орындаушысына қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, қабылданған шаралармен борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтірілді және ол бұрынғы жұмысына қайта орналасты», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты