Алматы облысында сел жүрді

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан  15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. «Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізілуде», – делінген ТЖМ таратқан мәліметте.

Жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды