22 июля 2024 г. 10:29

Алматы облысында пошта кассирлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен пошта кассирлерінің үстінен мемлекет қаржысын ұрлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Алматы, NEGE. Тергеп-тексерумен Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды.

Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.

Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.