Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Талғар ауданының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген. Өз міндеттерін атқарып жатқанда құқық бұзушылар тәртіп сақшысын балағаттады.

Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйлеген. Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?