Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 272 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, облыс аумағында жалпы алаңы 74,7 мың гектар болатын 272 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның ішінде 31,3 мың гектарға тең 63 жер учаскесі бойынша соттың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылған.

Ерікті негізде және басқа жолдармен 43,4 мың гектар болатын 214 жер учаскесі мемлекет меншігіне берілді. Одан бөлек қазіргі уақытта алаңы 21,9 мың гектар болатын 57 жер учаскесі бойынша талап-арыздар соттың қарауында.

– Алдағы уақытта осы мәселелер бойынша атқарылатын жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін әкімдіктер түрлі шаралар қабылдап, жерлердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды