Алматы облысында пәтер өртенді

Алматы облысы Қаскелең қаласында бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам зардап шекті.Төтенше жағдайлар минситрлігінің хабарлауынша, бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртенген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Құтқарушылар 5 адамды эвакуациялады.15 тұрғын өздігінен далаға шықты.Өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Жалын 70 шаршы метр жерді шарпыған.Салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды.Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады