Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Отан қорғаушылар күні – ерлік пен елдіктің мерекесі. Осы орайда Алматы облысында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, рухани-патриоттық шаралар ұйымдастырылды.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Арыстан» мамандандырылған лицейіне арнайы барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

Республикадағы бірегей оқу ордаларының бірі саналатын бұл лицейдің 15 жылдық тарихы бар. Осы уақыт ішінде ол 1 мыңнан астам түлек тәрбиелеп, ел қорғаны болатын жас сарбаздарды даярлауда айрықша рөл атқарып келеді.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сапар барысында әкім лицей тәрбиеленушілерімен кездесіп, олардың оқу үдерісімен, әскери даярлығымен және тұрмыс жағдайымен танысты. Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтіп, болашақ ел қорғаушыларына сәттілік тіледі.

Мерекеге орай облыстың барлық аудан-қалаларында мәдени және спорттық іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, Алатау қалалық Мәдениет үйінде «Бейбіт өмірдің берік қалқаны» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Т.Молдағұлов атындағы Мәдениет үйі мен Шелек ауылының орталық алаңында «PATRIOT FEST» жастар арбат-кеші өтті. Шара аясында асық ату мен бес асықтан чемпионат ұйымдастырылып, Аймен ауылында көкпар тартылды.

Жамбыл ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімде «Erlik» жобасы аясында Ашық есік күні өтсе, Райымбек ауданының Нарынқол ауылдық Мәдениет үйінде «Ер – елінің қорғаны» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеген ауданындағы Ж.Ермегияев атындағы орта мектепте ер мұғалімдер арасында мини-футболдан облыстық турнир өткізілді. Қарасай ауданының Қаскелең қаласында «Ұстаз барысы» атты қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылса, Талғар ауданында велоспорттан республикалық жарыс пен боксшы Есет Малғаждарұлын еске алуға арналған республикалық ашық турнир басталды. Ал Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында патриоттық кездесу кеші өтті.

Айтулы мереке аясында Қонаев қаласындағы №58012 әскери бөлім базасында арнайы көрме ұйымдастырылып, қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Салтанатты кеш Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Осылайша, Алматы облысында Отан қорғаушылар күні кең көлемде аталып өтіп, ел рухын көтеретін, патриоттық сезімді асқақтататын мазмұнды әрі тағылымды шараларға ұласты.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады