Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Алматы гарнизонының әскери сотында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған офицерге үкім шықты.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, офицер қоластындағы қызметкерге физикалық күш қолданған және оны демалыс уақытында жұмысқа заңсыз тартқан.

Прокурор айыпталушының үш жылға бостандығын шектеуді сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге материалдық және моральдық зиянды өтеуге дайын екенін жеткізді.

Ал жәбірленуші сотталушыны барынша қатаң жазалауды сұрады.

«Кінәсін мойындағанын ескере отырып, бірақ әскери антты бұзуды ауырлататын мән-жай ретінде танып, сот А-ға екі жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотталушы «Аға лейтенант» әскери шенінен айырылды, жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады