Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.

Ведомство мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады