Алматы облысында лагерьде демалып жатқан 25 бала тауға шығып, адасып кетті

Талғар ауданында «Тау самалы» таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасып кеткен 1 ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздеді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Қабылданған шаралармен Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Демалуышыларға медициналық көмек қажет болмады.