17 сентября 2024 г. 15:34

Алматы облысында құдықтан 3 адамның мәйіті табылды (видео)

Фото: видео-скрин

Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан 3 адамның өлі денесі табылды.

Алматы, NEGE.  Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады.

Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады. Белгілі болғандай, қайтыс болған үш адамның екеуі — әкесі мен ұлы.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.