Алматы облысында қорықшы ер адамның аяғына оқ атты (видео)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылының маңында қорықшы ер адамның аяғына оқ атты.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жазбада ер адам мен қолында мылтығы бар қорықшы сөзге келіп, дауласып тұрғаны көрінеді. Бір сәтте қорықшы мылтығын оқтап, ер адамның аяғына жақын қашықтықтан оқ атады. Жараланған адам жерге құлап, аяғын ұстап, айқайлай жөнеледі.

Алдын ала мәлімет бойынша, далада от жағу жанжалға себеп болған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

«Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, жанжал өзара келіспеушіліктің салдарынан туындаған», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті