Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Алматы облысында пара алды деген күдікпен колония бастығының орынбасары ұсталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Ақпаратты облыстық прокуратура растады.

«13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады», - делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.