Алматы облысында колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысқан ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Polisia.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеменің қызметкерлері алкогольды ішімдіктерді колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған 7 дана түйіншек анықталды. Ішінен көлемі 0,5 литрлік 7 дана спирт иісі бар сұйықтыққа толы бөтелкелер тәркіленді.

– Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады