Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады