Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды

Алматы облысы Балқаш ауданында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE.  Алматы облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуге мүмкіндік беретін барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды.

Ұсталғандар заң аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, 26 қыркүйек күні сағат 08:30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы ПД ЖПҚБ және “Охотзоопром” РМҚК бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде Бірлік ауылының маңындағы Қонаев – Бақанас – Қараой автожолында УАЗ автокөлігін басқарған Жетісу облысының 58 жастағы тұрғыны ұсталды. Көлік құралын тексеру кезінде автокөліктің салонынан тіркелген ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ болжам бойынша Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы табылып, тәркіленді. Сонымен қатар көлікте үш жолаушы болған.

Анықтау барысында олардың аң аулауға лицензиясы болмаған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады