Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына ұшырап, қалыңдық көз жұмды

Алматы облысында қыз алып қашып келе жатқандар жол апатына ұшырады.

видео-скрин

Алматы, NEGE. 24 мамыр күні БАКАД тас жолында KIA автокөлігі Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысып, соның салдарынан Mercedes-Benz аударылып кеткен.

Салонда болған қалыңдық оқиға орнында көз жұмды. Күйеу жігіт пен оның достары жарақат алды. Жүргізуші қамауға алынды.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізде болса, депутаттар қыз алып қашқандарға 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды