Алматы облысында кәсіпорындар 245 мыңға жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отыр

Алматы облысында экономикалық дамудың табысты болуы үшін, шағын және орта бизнеске белсенді қолдау көрсетілуде.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алматы облысында 135 мыңға жуық белсенді шағын және орта бизнес субъектілері бар.

Кәсіпорындар облыстың 245 мыңға жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Алматы облысында, шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған бағдарламалар мен қолдау шараларына несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, бизнесті дамытуға гранттар беру, кәсіпкерлерге кеңес беру мен білім беру қызметтері жатады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты