Алматы облысында итті көлікпен сүйреген ер адамның үстінен іс қозғалды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан жантүршігерлік фактісі анықталды.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді.

Ұсталған азаматқа қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.