Алматы облысында жол опырылып түсті

3 сәуір күні республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының 20-шақырымында жол төсемі опырылды.

Видеодан кадр/ҚазАвтоЖол

Астана, NEGE. «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бүгін сағат 11:30-да еріген қар суын өткізу кезінде құбыр зақымданып, тас жолдың астындағы топырақты шайып кеткен.

Жол учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, көліктер қиыршықтасты жол арқылы қатынап жатыр. Оқиға орнында 20 арнайы техника жұмыс істеуде.

«ҚазАвтоЖол» өкілдері бұл учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпағанын, жағдай бақылауға алынғанын айтып, сендірді. 

«Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі мердігер ұйымның қарауында, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады», – деп хабарлады компания өкілдері.

Бұл учаскедегі қозғалыс қарқыны – тәулігіне шамамен 500 автокөлік. Жол 1960–1970 жылдары салынған.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

Қазақстанда медианалық жалақы 340 мың теңге болды