Алматы облысында көлікпен адамдарды әдейі басып кеткен күдіктілер ұсталды

Алматы облысының Қонаев қаласында көлік ер адамды қағып кетті. Оқиға сәті әлеуметтік желіде жарияланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бейнежазбада бірнеше жас жігіттің көліктерімен ғимарат алдына тоқтағаны байқалады. Осы кезде қатты жылдамдықпен келген жеңіл көлік бір ер адамды қағып, ол бірнеше метрге ұшып кеткен.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, досудьялық тергеу басталған.

– «Күдіктілер жедел анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті