16 января 2026 г. 10:02

Алматы облысында ер адам әйелді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Фото: freepik.com

Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталды.

Астана, NEGE. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті 14 қаңтарда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Алдын ала деректерге сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам азаматтық некедегі жұбайына пышақпен екі рет соққы жасаған. Алған жарақаттарынан әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Әйелдің өлі денесін туыстары тапқан.

Қазіргі уақытта болған жайттың мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

«НеМолчи» қоры марқұмның әріптестерінің үндеулерін жариялады. Онда әйелдің жүкті болғаны, қайғылы жағдай кезінде бес жасар қызы жанында болғаны айтылған.