Алматы облысында екі қызды көлік қағып кетті

Алматы облысы Есік қаласында 14 және 3 жастағы екі қызды көлік қағып, мерт қылды.

naryk.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген видео пайда болды. Қайғылы оқиға 8 маусым күні сағат 21:10–да саяжай аумағында болды, делінген жазбада.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 8 маусым күні Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан Mercedes Benz маркалы көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кетті.

«Салдарынан кәмелетке толмаған екі қыз бала да сол жерде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Президент бірыңғай QR жүйесіне қосылмаған ірі банктерді сынға алды

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?