Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанды. Қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетін болады.

Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады