Алматы облысында алимент төлемей құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған 157 әке анықталды

Алматы облысының прокуратурасы алимент бойынша 157 борышкерді анықтады, олар құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.

Мысалы, алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарыз болған жағдайда бір ғана борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралармен бүгінде 31 құмар ойнына салынғандар 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтеді.

6 борышкерге қатысты алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда.

Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты